Қазнетте ұйқыға қатысты шағым көбейді: дәрігер не дейді?
Фото: depositphotos.comҚазнетте ұйқыға қатысты шағым көбейді. Бірі таң атқанша ұйықтай алмайды, енді бірі шаршап оянады. Tengri Life мұны қалыпқа қалай келуге болатынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандықтар не дейді?
Бұл тақырыпқа қатысты Threads желісінде талқылау басталды. Онда қолданушылар 2026 жылдың басы "бірінен ерекшеленбейтін" күндерге айналып кеткенін жазған. Көпшілігі физикалық тұрғыда шаршағанымен, ми үздіксіз жұмыс істеп тұратынын айтқан.
"Бүгін ең ауыр түн болды. Күндіз де ұйықтамадым, түні бойы да көз ілмедім. Ал жарты сағаттан кейін жұмысқа баруым керек. Қызығы, қанша сағатқа дейін шыдап, жүріп келе жатып құлап қалмаймын екен?!" - деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Басқалары бұл мәселе жаппай сипат алып бара жатқанын айтады.
"Интернетте "2026 - жаппай ұйқысыздық" деген видеолар жиі кездеседі. Шынымен де 1 қаңтардан бері тұрақты түрде таңғы 6–7-де ұйықтап, шамамен 16:00-де тұратын болдым… Бұған қатысты не айта аласыздар?" - деп жазды тағы бір автор.
Мұндай жазбалардың пікірлерінде ондаған ұқсас оқиғалар сипатталған.
Кейбірі өз бетінше күресуге тырысады: мелатонинді, "ұйқы тапшылығын" және режимді қалпына келтірудің басқа жолдарын талқылайды.
Мұның себебі не? Сомнологтың пікірі
Сомнолог дәрігер Әділ Бейсенбаевтың айтуынша, жаппай бұзылыстың себебі қарапайым - бұл циркад ырғақтарға соққы.
Анықтама: Бейсенбаев Әділ Жұмажанұлы - сомнолог, жеке медициналық орталық пен көпсалалы клиникада ұйқы бұзылыстарын зерттеу және емдеу бағытының жетекшісі.
ұйқыға дейін 3 сағат бұрын тойып тамақтанбаған дұрыс;
ұйқыға дейін 2 сағат бұрын ой еңбегі мен дене жүктемесін шектеу;
ұйқыға дейін 1 сағат бұрын гаджеттер қарамау: ұялы телефон, теледидар, ноутбук.
"Нөл - бұл таңертең оянсаңыз, төсекте жатып қалмай, будильниктің батырмасын әр 5 минут сайын баспаңыз деген сөз", - деп нақтылады дәрігер.













