Букмекерге ақша аударса, ипотека берілмей ме?
Фото: depositphotos.com
Не болған?
Видеода автор банк егер букмекерлік кеңселердің шоттарына жасалған аударымдарды байқаса, ипотека беруден бас тартуы мүмкін екенін айтады. Бейнеролик тез арада тарап, 16 мыңнан астам лайк пен жүздеген пікір жинаған.
ҚНРДА не дейді?
Жағдайды нақтылау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Онда заң бойынша банктердің тек букмекерлік шоттарға жасалған аударымдар үшін несие беруден бас тартуға құқы жоқ екені түсіндірілді. Алайда мұндай операциялар тұрақты түрде жасалса, банк оны қарыз алушының төлем қабілетін бағалау кезінде ескеруі мүмкін.
Сондай-ақ, агенттік құмар ойын бизнесіне белсенді түрде қатысатын тұлға қандай өлшемдер бойынша анықталатынын айтты.
"1-нормативтің 22-тармағына сәйкес, соңғы 6 ай ішінде құмар ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жалпы сомасы 300 000 теңгеден асатын 6 және одан да көп төлем жасаған жеке тұлға құмар ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлға деп танылады", - деп хабарлады ведомство.
Баспасөз қызметі мәліметінше, егер қарыз алушыда құмар ойындарға белсенді қатысу белгілері болса, банк оның табысын тек ресми деректер бойынша ғана есепке алады.
Сонымен қатар, мұндай клиенттер үшін талап қатаңырақ: олардың рұқсат етілген қарыздық жүктемесі басқа қарыз алушыларға қарағанда екі есе төмен болады.











