Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТМККК және МӘМС аясындағы медициналық қызметтерге ақы төлеу: өзгерістер дайындалды

ТМККК және МӘМС аясындағы медициналық қызметтерге ақы төлеу: өзгерістер дайындалды

Фото: freepik
ДСМ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында денсаулық сақтау субъектілерінің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсынылып отырған өзгерістер мынадай бағыттарға арналған:

медициналық қызметтерге ақы төлеу тетіктерін жетілдіру және олардың ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру;
стационарда бақылау жүргізу және біріктірілген емдеу мүмкіндігімен протондық терапияға ақы төлеудің жаңа тәсілдерін енгізу;
инфекциялық бейіндегі клинико-шығындық топтардың логикасын жаңарту;
қабылдау бөлімдерінің қызметіне ақы төлеу тәртібін қайта қарау;
қайтыс болған донорды дайындау қызметіне ақы төлеу тетігін оңтайландыру және Қормен тікелей шарттарға көшу;
жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер енгізу;
күндізгі стационар жағдайында жүргізілетін коронарлық ангиографияға төленетін ақыны арттыру;
Қорға шығыстар туралы мәліметтер ұсыну нормаларын нақтылау және шарттық рәсімдерге редакциялық түзетулер енгізу.

Министрліктің мәліметінше, ұсынылған өзгерістерді іске асыру медициналық қызметтерге ақы төлеу тетіктерінің ашықтығы мен негізділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді қысқартуға, медициналық көмекті негізсіз тұтыну тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ инфекциялық бейіндегі медициналық көмекті қаржыландырудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Құжат 30 қаңтарға дейін көпшілік талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
16 қаңтар 2026 ж. 122 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031