Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді студенттер есірткі мен құмар ойынына тәуелділікті зерттейді

Енді студенттер есірткі мен құмар ойынына тәуелділікті зерттейді

Фото: pixabay.com
Тәуелділікті зерттейтін пән медициналық жоғары оқу орындарына енгізілмек. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, медициналық жоғары оқу орындарында тәуелділікті зерттейтін пәндерді енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәра Сәрсенбаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, Нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру нәтижесінде негізгі индикаторларға қол жеткізілген. Атап айтқанда, есірткі тұтынудың жасырын деңгейін төмендету қамтамасыз етілді. Синтетикалық есірткіні қолдануға байланысты диагноздар бойынша алғаш рет динамикалық бақылауға алынған азаматтар саны жоспарланған 10 пайыздың орнына 20 пайызға жеткен. Бұл наркологиялық көмектің анықталуы мен қолжетімділігі артқанын көрсетеді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында тұрақты оң нәтиже тіркелген. Ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізіп, динамикалық бақылаудан шығарылған балалар мен жасөспірімдердің үлесі 25 пайызды құраған. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш 18 пайыз деңгейінде болуы тиіс еді. Бұл емдеу мен оңалту шараларының тиімділігін аңғартады. Медициналық-әлеуметтік оңалту жүйесі де кезең-кезеңімен дамып келеді. Жоспарды іске асыру қорытындысы бойынша өз еркімен ем қабылдаған пациенттердің 30 пайызы медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламаларымен қамтылған. 2026-2028 жылдарға арналған жаңа жоспар аясында Денсаулық сақтау министрлігі 33 іс-шараны жүзеге асыруға қатысады. Құжатта профилактика, скрининг, емдеу жүйесін жетілдіру, оңалту бағыттарын дамыту және оларды ұлттық стандарттарға бейімдеу көзделген. Сонымен қатар халықаралық тәжірибені зерделеу қарастырылған. Министрлік өкілінің айтуынша, еліміздің барлық өңірінде есірткіге тәуелділерді оңалтудың бірыңғай моделі қолданылады. Амбулаториялық медициналық-әлеуметтік оңалту көлемін кеңейту және медициналық жоғары оқу орындарына «Аддиктология» пәнін енгізу жоспарланған. Бұл пән химиялық және химиялық емес тәуелділіктерді, соның ішінде құмар ойындарға тәуелділікті зерттеуге бағытталады.
#медицина #ЖОО #ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
13 қаңтар 2026 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031