Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалының қайсар қызы

Қазалының қайсар қызы

Жуырда қазалының қайсар қызы, «Түркітілдес журналистер қорының» өкілі, қаламы мұқалмаған жазушы Нәзия Жоямерген «Қазалы» редакциясында болды.
Жүздесу барысында жазушы редакция ұжымы және жұмысымен танысты. Өзі бастаған Түркітілдес журналистер қоры жайлы да тілге тиек етті. Сондай-ақ қордың көмегімен кәсіби, әуесқой жас журналистер ел ішінде ғана емес, шетел асып тәжірибе жинақтап жатқандығын айтты.
– Қазақ журналистикасының, әсіресе, аймақтағы әріптестердің ахуалын білумен қатар «Түркітілдес журналистер қорының» БАҚ өкілдеріне арналған жобалар көп. Соның бірі – «HALYK BANK» АҚ серіктестігіндегі «Еркін сөз» байқауы, «Шеврон» компаниясымен бірігіп, Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларында өткізетін семинар-тренингтер мен әлеуметтік тақырыптағы байқау және «HALYK LIFE» АҚ серіктестігінде сақтандыру саласына қатысты ұйымдастырылатын вебинарлар сериясы мен ел іші, шетелдердегі пресс тур, конференция мен медиа форумдар көптеп өтуде. Сондай-ақ сіздерді Түркітілдес журналистер қорының сауалнамасына қатысып, «БАҚ туралы» жаңа заң жобасына ұсыныс айтуға шақырамын, – деді ол.
Қазіргі таңда бұл қор Қазақстанның әр қиырындағы баспасөз, телевидение, сайт сапында еңбек етіп жүрген жандарды жиып, Түркияның алдыңғы қатарлы медиа орталықтарында тәжірибе алмастыруда дәнекер болып, қазақ жастарының шет мемлекеттерде білімін жетілдіруде жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңға дейін мыңдаған жастарға түрлі жоғары оқу орындары бере алмайтын білімді, қолдауды Нәзия Жоямергенқызы бастаған «Түркі тілдес журналистер қоры» көрсетіп жүр десек асыра айтқандық емес.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
21 маусым 2022 ж. 389 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031