Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен 100 жас отбасы баспаналы болды

Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен 100 жас отбасы баспаналы болды

Фото: Облыс әкімдігі
Бүгін Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен баспаналы болған 100 жас отбасыға пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, құқық қорғау органдары мен жауапты салалалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен 100 жас отбасы баспаналы болды

Аймақ басшысы жаңа пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтап, өңірлік бағдарламаның тиімділігін атап өтті.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еңбек жолын енді бастаған жастардың бірден пәтер сатып алуы оңай емес. Сондықтан жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі», – деген болатын.
Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен 100 жас отбасы баспаналы болды

Бүгінде облысымыздағы жастар саны 250 мыңға жуық, яғни аймақ халқының 30%-ы.
Өткен жылы жастар саясатын дамыту мен қолдауға жергілікті бюджеттен 2 млрд. 105 млн. теңге бағытталды. «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына 1 млрд. 200 млн. теңге, «Отбасы банк» тарапынан 500 млн. теңге, жобаларды қолдау мен жүзеге асыру үшін 310 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Сыр жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы 2023 жылы қабылданды. 2024 жылы 100 жас отбасы баспаналы болды.
Жастарды мемлекеттік қолдаудың айқын дәлелі ретінде бүгін 100 пәтерлік
2 тұрғын үй білім, медицина, мәдениет, спорт, қаржы, әлеуметтік салаларда қызмет ететін жас отбасыларға табысталуда.
Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, әр шаңырақтың іші татулық пен берекеге толы болғай!»,- деді Н.Нәлібаев.

Жиында тұрғын үйлерді салған мердігер мекеме «Nur B group» ЖШС құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов сөз сөйлеп, құттықтауын жеткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы серпінді жұмыстарды атап өтті.
Облыс әкімі және қонақтар өңірлік бағдарламамен пәтер алған жас маманның жаңа пәтеріне кіріп, ізгі тілектерін білдірді.
Облыста тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік- әлеуметтік саясат нәтижелі іске асуда.
2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды.
Соңғы 3 жылда алғаш рет барлық ауданда 1800-ге жуық жаңа пәтер жерлестерімізге берілді.
Ерекше атап өту қажет, қалада заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
11 қаңтар 2026 ж. 181 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031