Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Хакерлер Instagram желісінің 17,5 миллион қолданушысының деректерін ұрлаған

Хакерлер Instagram желісінің 17,5 миллион қолданушысының деректерін ұрлаған

Фото: pixabay.com
Америкалық Malwarebytes киберқауіпсіздік компаниясы киберқылмыскерлер Instagram әлеуметтік желісінің 17,5 миллион пайдаланушысының жеке деректерін ұрлағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания X әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
“Киберқылмыскерлер Instagram желісіндегі 17,5 миллион аккаунттың құпия ақпаратын, соның ішінде пайдаланушы аттарын, тұрғылықты мекенжайларын, телефон нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайларын және басқа да деректерді қолды қылған”, – делінген жазбада.
Notebookcheck порталының хабарлауынша, жария болып кеткен бұл деректер фишинг шабуылдары мен аккаунттарды ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін. Деректердің таралуы 2024 жылы орын алуы ықтимал. Алайда олар кең аудиторияға тек 2026 жылы ғана қолжетімді болған. Осыған байланысты Instagram пайдаланушылары құпиясөздерін өзгертуге әрекет жасалғаны туралы ескертулер ала бастаған.
Ал Meta компаниясының өкілдері әзірге деректердің тарағанын растамады және жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
11 қаңтар 2026 ж. 232 0

Өнер мен өнеге ұштасқан

25 сәуір 2026 ж. 125

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930