Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Instagram-да пайдаланушылар енді жасын көрсетуге міндетті

Instagram-да пайдаланушылар енді жасын көрсетуге міндетті

Instagram әлеуметтік желісінде енді пайдаланушылар жастарын көрсететін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Facebook компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Instagram-да жаңа функция қосымша мүмкіндіктерді іске қосу және әртүрлі контентті көрсету үшін енгізілді. Бұл сондай-ақ бұрын туған күнін көрсетпеген адамдарға қатысты болады. Енді әлеуметтік желілерде пайдаланушылардан желіге бірінші рет кірген кезде немесе әсерлі болуы мүмкін контентті көрсету кезінде хабарлама келеді.
"Біз жастар үшін қауіпсіз әрі жеке кеңістік құруды мақсат етіп отырмыз. Ол үшін біз Instagram қолданушыларың қанша жаста екенін білуіміз керек, сондықтан пайдаланушылардан туған күн датасын бізбен бөлісуді сұрап отырмыз", – делінген компания хабарламасында.
Егер пайдаланушылар туған күнін белгілі бір уақытқа дейін белгілемесе, Instagram әлеуметтік желіні пайдалануды шектейді.
Instagram жасты өтірік көрсету сияқты мәселелерді шешудің жаңа жүйелерін жасап жатқанын атап өтті.
"Жақында хабарлағанымыздай, біз "Туған күніңмен" деген сияқты хабарламалар негізінде адамдардың жасын бағалау үшін жасанды интеллект қолданамыз. Болашақта, егер қолданушылардың бірі бізге жасы үлкен екенін хабарласа, біздің технологиямыз олай емес екенін анықтаса, қолданушыға олардың жасын растау үшін бірнеше нұсқаны ұсынамыз", – деді Instagram-да.
31 тамыз 2021 ж. 504 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031