Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауар өндірушілер 30 қаңтарға дейін арнайы реестрде тіркелуі керек

Тауар өндірушілер 30 қаңтарға дейін арнайы реестрде тіркелуі керек

Мемлекеттік цифрлық платформа іске қосылды
Тауар өндірушілер 30 қаңтарға дейін арнайы реестрде тіркелуі керек
Фото:
© istockphoto.com
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда отандық өндіруші мәртебесін растау және мемлекеттік қолдаудың мақсаттылығын жақсартуға арналған «Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі» мемлекеттік цифрлық платформасы іске қосылды. Жүйе қазір тәжірибелік пайдалануға берілген және e-ondiris.gov.kz веб-сайтында қолжетімді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 
Жаңа цифрлық жүйеге кедергісіз көшуді қамтамасыз ету үшін бұрын жарамды индустриалдық сертификаттар негізінде қазақстандық өндіруші мәртебесін растаған 1 868 субъект автоматты түрде Реестрге ауыстырылды.
Барлық бизнес субъектілері ақпараттық жүйеде тіркелуге Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін жүргізу қағидаларына сәйкес өтініш бере алады.
Бүгінгі күні:
• жүйеге 2 769-дан астам компания тіркелді;
• 1 346 өтінім қабылданды;
Реестрге қазірдің өзінде машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар кіреді, соның ішінде теміржол техникасы, автомобиль компоненттері, сорғы жабдықтары, цемент, бетон бұйымдары, керамикалық плиткалар және аяқ киім өндірушілері бар. 
Бұрын Реестрге автоматты түрде қосылған өндірушілер жүйедегі ақпараттарын 30 қаңтарға дейін толтырып, өтініштерін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растауы тиіс. Бұл талапты орындамау жағдайында кәсіпорындар Қазақстандық өндірушілер реестрінен шығарылады.
Цифрлық платформаны енгізу рәсімдердің ашықтығын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және мемлекеттік қолдау шараларының тек нақты өндірістік қызметі бар кәсіпорындарға бағытталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстандық тауар өндірушілер реестрін біртіндеп толықтыру жұмыстары жалғасуда.



10 қаңтар 2026 ж. 285 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 169

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031