Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметте кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселесі талқыланды

Үкіметте кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселесі талқыланды

Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмасын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мұндағы негізгі міндет – мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру. Цифрлық формат сыбайлас жемқорлық тәуекелін және адами фактордың әсерін жоюға мүмкіндік береді.

Бүгінде Үкімет мемлекеттік қолдау шараларының өнеркәсіп саласын дамытуға талдау жүргізеді. Жаңа ақпараттық платформа кәсіпкерлік белсенділік бойынша деректерді мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін және одан кейін динамикада көрсетеді.

Платформада отандық кәсіпорындар, олардың жүктемесі, шығарылатын өнімдер, сыртқы саудадағы қызметі, қызметкерлер саны, сондай-ақ олармен жасалған келісімшарттар, оның ішінде ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарттар туралы деректер бар.

Жүйе мемлекеттік органдарға проактивті форматта талдау, мониторинг жүргізуге және бизнеске уақтылы қолдау көрсету үшін шешім қабылдауға мүмкіндік береді, - деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 2 мыңнан астам отандық кәсіпорынның деректері жүйеге жүктелгенін айтты.

Онда отандық өнімді әлеуетті сатып алушылар саналатын реттелетін сатып алу субъектілері — компаниялар туралы мәліметтер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен бизнес арасында жасалған ұзақ мерзімді шарттар туралы ақпарат барын атап өтті.

Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесі негізінде әзірленген платформа бұрын шашыраңқы ақпараттық жүйелерден алынған деректерді біріктіреді және жүйелейді. Ол Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, СК-Фармация, «Самұрық-Қазына келісімшарт» ЖШС, электронды сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың (Mitwork) және жер қойнауын пайдаланушылардың (NadLock) реттелетін сатып алуларының базаларымен толық интеграцияланған.

Сонымен қатар жүйеде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Бәйтерек» холдингінің қазақстандық кәсіпорындарға көрсетілетін қолдау шаралары туралы деректері жүктелді. Ақпаратты жаңарту онлайн режимінде іске асырылады.
26 қазан 2024 ж. 276 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031