Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орманға қорған болғандар

Орманға қорған болғандар

Орман шаруашылығы – табиғатқа деген шексіз махаббат пен жауапкершілікті талап ететін үлкен мектеп. Ал орман – елдің байлығы ғана емес, оның «өкпесі». Осы баға жетпес қазынаны қорғап, көркейтіп жүрген орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі ерен. Сала мамандары мен мекеменің қазіргі тыныс-тіршілігі қандай? Табиғат сақшыларының мәртебелі миссиясын саралап көрейік.
Орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қорын басқарумен айналысады. Олардың жұмысы бірнеше маңызды бағыттан тұрады. Орманды қорғайды, яки тілсіз жау – өрттен сақтау және заңсыз ағаш кесуге жол бермейді. Орманды молайтады. Тұқымбақтарда жас көшеттерді өсіру және оларды ашық алқаптарға отырғызумен айналысады. Сауықтыру жұмыстары, оның ішінде ауруға шалдыққан ағаштарды анықтап, зиянкестермен күреседі. Орман ішіндегі аң-құстардың популяциясын бақылап, оларға қыс мезгілінде азық тастауды қамтамасыз етеді. Жұмысы қайнап жатқан тірлікке толы мекеменің атқарылған жұмысы да аз емес. Ардақ Нартайұлы басшылық ететін «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты орман қоры жерінің жалпы көлемі 1 785 542 гектарды құрайды. Оның ішінде орман басқан алқап – 890 724 гектар. Орман қоры 5 орманшылыққа бөлінген. Олар «Қарақұм» орманшылығы – 157 490 гектар, «Қызылқұм» орманшылығы – 458 959 гектар, «Жанқожа» орманшылығы – 413 500 гектар, «Сарбұлақ» орманшылығы – 462 170 гектар, «Ұялы» орманшылығы – 293 463 гектар.
Аталған орманшылықтардың аумағын қорғау және тұрақты бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында 5 орманшылық басшысы, 5 орманшылық басшысының көмекшісі, 16 орман шебері және 75 орманшы (инспектор) қызмет атқаруда.
2025 жылдың көктемінде 20 гектар аумақтағы уақытша тұқымбақтан қара сексеуіл көшеттері қазылып алынып, жалпы көлемі 4 416 гектар толықтыру жұмыстарына 1 326 000 дана қара сексеуіл көшеті отырғызылды.
Сонымен қатар көктем мезгілінде 1 гектар тұқымбаққа 40 000 дана сыр талы қаламшасы дайындалып, егілді. Ояз бағындағы орман екпелеріне күтім жұмыстары жүргізіліп, суару шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылды.
Күз мезгілінде 20 гектар уақытша сексеуіл тұқымбағы мен 10 гектар тұрақты тұқымбақ учаскесіндегі жер дайындалып, қара сексеуіл тұқымы себілді.
36 843 келі қарабарақ және 9 057 келі қара сексеуіл тұқымын жинау жұмыстары жасалынып, Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 30 000 гектар жерге 100 800 келі қарабарақ және 25 200 келі қара сексеуіл тұқымдарын себу жұмыстары жүргізілді. Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 6 000 гектар қара сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары жасалынған. 33,5 гектар тұрақты орман тұқымбағындағы сексеуілдің егіс бөлімшесінде жалпы көлемі 10 гектар алқапта агротехникалық жұмыстар жүргізілген. Оның ішінде 0,061 гектар алқапта жапырақты дақылдарды егу жұмыстары, 0,119 гектар алаңда жеміс дақылдарын егу жұмыстары жүзеге асырылыпты.
Сондай-ақ 0,41 гектар аумақта жеміс бақшасы отырғызылып, оған күтім жасау шаралары жүргізілсе, 0,03 гектар аумақта үйеңкі талының аналық бөлімшесі төселіп, күтіп-баптау жұмыстары атқарылған. 1,58 гектар көлемінде қорғаныш жасыл жолақ құру мақсатында арықтар тартылып, ені 6 метр, жалпы ауданы 0,74 гектар болатын минералданған жолақтар салу жұмыстары атқарылған. 0,37 гектар аумақта компосттау бөлімшесі құрылған.
Былтыр 3 209,2 мың теңге көлеміндегі қаржыға мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Атап айтқанда, 86 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде 82 тұлғаға мал жайылымына, 4 тұлғаға қамыс дайындауға жер телімдері жалға берілген.
Мемлекеттік орман қоры учаскесінде орман заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында АПБ-мен табиғат қорғау полициясымен бірлескен 37 рейд ұйымдастырылып, заңсыз ағашын кеспеуге және аң-құс ережесін бұзуға жол бермеу мақсатында елді мекендер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Орманшылар айналымдарына тексеру жұмыстарын жүргізу барысында аң-құс ережелерін бұзушыларға 30 хаттама толтырылған.
Оның ішінде 13 азаматқа 382 баптың 1 бөлімімен хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл төленіп, табиғатқа келтірілген залал үшін салынып толық өндірілген.
Орман заңнамасының өзге де бұзушылықтары оның ішінде балық аулау ережелерін бұзған 10 азаматқа 383-баптың 1-бөлімімен хаттама толтырылып, табиғатқа келтірілген залал болмаған.
Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу 367-бап, 2-бөлімімен 4 азаматқа хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынып, табиғатқа келтірілген залалы толық өндірілген. Шабындықтар мен жайлымдылық жерлерді бүлдіргені үшін 370-баптың 2-бөлімімен 2 азаматқа ескерту түрінде әкімшілік хаттама толтырылған. Табиғатқа келтірілген залал жоқ. Сексеуіл отынын Заңсыз тасымалдағаны үшін 389-бап, 1-тармағымен 1 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданыпты.
Қажырлы еңбек пен қауіп-қатердің қатар жүрері заңды. Орманшы болу – сырт көзге жеңіл көрінгенімен, іс жүзінде өте ауыр жұмыс. Олар аптап ыстықта да, қаһарлы суықта да далада жүреді. Әсіресе, жаз мезгіліндегі өрт қаупі кезінде орман қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте болады. Көп жағдайда олар техника жете алмайтын жерлерге жаяу барып, тілсіз жаумен бетпе-бет келеді.
Көктем мезгілінде өрт қауіпі кезеңінің басталуына орай орман өртін болдырмау және оның алдын алу үшін аудандық ішкі істер, Төтенше жағдай бөлімімен бірлескен іс-шара жоспары жасалынып, аудан әкімі орынбасарының қолымен бекітілген.
Көктемгі егіс егу науқаны кезінде ауыл әкімдерімен егіс егетін шаруашылықтарға өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында арнайы 100 дана «ескерту хаттар» және 500 дана үнпарақтар таратылыпты. Сонымен бірге орман қоры жеріне орман аң аулау заңдылықтарын сақтау, өрт болдырмау тақырыптарына сәйкес жаңадан 45 дана аншлаг орнатылған.
Жергілікті тұрғындар арасында орман өртін сақтау жайлы 10 үгіт насихат әңгіме өткізіліп, сонымен бірге орман қорғау қызметкерлері шалғайдағы 10 елді мекендерде болып түсінік жұмыстарын жүргізген.
Орманды өрттен қорғау мақсатында 1030 шақырым жердің көне минералды жолақтары жаңартылып, 65 шақырым жерге жаңадан минералды жолақтар жүргізілді. Қарақұм орманшылығына 2 бақылау мұнарасы орнатылған. «Орман және дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес былтыр Қарақұм орманшылығының №48 орамында және №53 орамында №9 Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық Ішкі саясат бөлімі, аудандық аурухана бөлімі, АПБ-мен және аудандық электр торабымен бірлескен өрт-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді. Өрт қауіпсіздігін бәсеңдету жұмыстарына Сарыбұлақ, Қызылқұм орманшылығының орманшылық басшылары, орман шеберлері, орманшылар, өрт сөндірушілер, ерікті өрт сөндірушілер және бірнеше қажетті техникалар жұмылдырылды. Былтыр 15 қызметкерден тұратын ерікті өрт сөндіру жасағы құрылды. Аудандық полиция бөлімімен және Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен рейдтер жасалынып, ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылдың көктем мезгілінде жабайы жануарлар мен құстардың тіршілік ету аймақтарын қорғау, есепке алу және браконьерлікке қарсы іс-шаралар аясында мемлекеттік орман қоры жерлерінен 800 мың гектар аумақ қамтылған. Атап айтқанда, Қуаңдария өзенінің бойындағы сексеуіл ормандарында және оған іргелес орналасқан Мариям, Аққұдық, Жайлаукөл көлдерінің маңында аң-құстарға есеп жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде аң-құстардың негізгі тұрақтайтын, ұя салатын және қоректенетін аймақтары анықталған. Көктемгі маусымда аң-құстардың санын есепке алу жұмыстары атқарылып, браконьерлікке қарсы профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Табиғи қорек тапшылығы кезеңінде жабайы жануарларды қосымша азықтандыру мақсатында 1 217 килограмм жем алынып, арнайы жерлерге шашылып таратылыпты.
Былтыр көктемгі және күзгі мезгілде орман қоры жерлерінде зиянкестердің таралуын анықтау және есепке алу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілген. Жалпы көлемі 89 091 гектар болатын орман алқаптарында 3 117 дана сынамалық шұңқырлар қазылып, орман зиянкестерінің болуы мен таралу деңгейі зерделенген. Зерттеу нәтижесінде «Ұялы» орманшылығының №53 орамының 3 және 11 телімдерінде, жалпы көлемі 2 052 гектар орман қоры жерінде сексеуіл галлицасының (галл түзуші зиянкестің) бар екені анықталыпты.
Иә, «Орманды өсіру үшін ондаған жыл керек, ал оны жою үшін бір сәткі ұқыпсыздық жеткілікті» дейді мамандар. Бұл – әрбір орман қызметкерінің басты ұстанымы. Бүгінде мемлекет тарапынан орман шаруашылығы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына, материалдық-техникалық базаны жаңартуға үлкен көңіл бөлінуде. Жасыл желекті сақтау – тек табиғат сақшыларының ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы ортақ парызымыз екенін естен шығармайық.
Айнұр ӘЛИ

10 қаңтар 2026 ж. 34 0

Бақытқа бастар бір шешім

10 қаңтар 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031