Қазгидромет қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК 9 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ғана жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болжанған. Солтүстікте аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады.
Республиканың барлық аумағын тұман басып, жел күшейеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желдің екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандары мен оңтүстік аймақтарда кейде тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.
Қалың тұман Абай облысының орталығын да басады.
Еліміздің орталығы мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел орталықта оңтүстік-шығыс пен батыс аумақтарда екпіні 15 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыс пен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар жауып, қарлы боран болады. Облыстың батысын тұман басады. Жел оңтүстік-батыс облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады.
Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең көктайғақ болжанған. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс күндіз батыста, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кейде тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданындағы солтүстік-шығыс желдің екпіні 15-20 м/с.












