Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолға шықпаған жөн: 9 қаңтарда тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі

Жолға шықпаған жөн: 9 қаңтарда тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі

«Қазгидромет» бірқатар аймақта дауылды ескерту жариялады
Жолға шықпаған жөн: 9 қаңтарда тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі
Фото: pixabay.com
9 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Қазгидромет» РМК синоптиктері тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және қатты желге байланысты дауылды ескерту жасады.
Атырау облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Әсіресе облыстың батысы мен оңтүстігінде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Атырау қаласында түнгі және таңғы уақытта жолдар тайғақ болады.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды және Ұлытау облыстарының бірқатар аумағында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді. Жезқазған мен Қарағанды қалаларында да осындай жағдай сақталады.
Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да күннің кей уақытында көріну қиындайды.
Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Алакөл маңында жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ пен қою тұман болады. Орал қаласында түнде және таңертең сақ болу қажет.
Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарының бірнеше бөлігінде тұман күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Петропавл қаласында түнгі уақытта қар мен жел қозғалысты қиындатуы мүмкін.
Маңғыстау облысында көктайғақ пен тұман қатар күтіледі. Ақтауда және облыстың кей бөлігінде жел екпіні күндіз 20 м/с-қа дейін жетеді.
Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді ауа райының қолайсыздығына байланысты аса сақ болуға, ал алыс жолға шығуды жоспарлаған азаматтарды алдын ала қауіпсіздік шараларын қарастыруға шақырады.



09 қаңтар 2026 ж. 145 0

Бақытқа бастар бір шешім

10 қаңтар 2026 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031