Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сәбилерге арзан вакцина салады»: Министрлік мәлімдеме жасады

«Сәбилерге арзан вакцина салады»: Министрлік мәлімдеме жасады

Аталған мәлімдемелер "Әңгіме бар" подкастында журналист Айнур Асанбердімен болған сұхбатта Нархоз университетінің профессоры ретінде таныстырылған Кулзада Абдрахмановна Абенованың айтқан пікірлеріне қатысты.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан балалардың ауруына себеп болады деген "арзан вакциналарды сатып алу" туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Аталған мәлімдемелер "Әңгіме бар" подкастында журналист Айнур Асанбердімен болған сұхбатта Нархоз университетінің профессоры ретінде таныстырылған Кулзада Абдрахмановна Абенованың айтқан пікірлеріне қатысты.
Айта кету қажет, Қазақстан Республикасында Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар көпсатылы халықаралық және ұлттық сараптамадан өтеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат алады.
Вакциналарды сатып алу "арзандық" қағидаты бойынша емес, сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштеріне ғана негізделе отырып жүзеге асырылады. Сатып алу барысында келесі талаптар ескеріледі:
• ДДҰ-ның квалификация алды өтуі немесе қатаң реттеуші бақылауы бар елдерде тіркелуі;
• клиникалық зерттеулердің нәтижелері;
• өндірістік тиісті практика (GMP) халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
• тіркеуден кейінгі қауіпсіздік мониторингінің деректері.
Вакциналар "балаларда ауру туындатады" деген мәлімдемелердің ешқандай ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылау деректеріне қайшы келеді. Керісінше, вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді едәуір төмендетуге, мыңдаған ауыр асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді.
Соңғы 34 жылда Ұлттық иммундау саясатының арқасында эпидемиялық паротитпен сырқаттану деңгейі 100 еседен астамға төмендеді (1990 жылғы 12 194 жағдайдан 2024 жылы 118 жағдайға дейін), вирусты А гепатиті 32 еседен аса (1990 жылғы 73 962 жағдайдан 2024 жылы 2 289 жағдайға дейін), ал вирусты В гепатиті 92 есеге (1990 жылғы 5 287 жағдайдан 2024 жылы 57 жағдайға дейін) азайды.
Вакцинацияның арқасында балалар арасында қызылшамен сырқаттану 90%-дан астамға, қызамық пен паротит 95%-ға төмендеді. Полиомиелит 1996 жылдан, дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген. Бұл деректер ұлттық иммундау бағдарламасының тиімділігін айқын дәлелдейді.
Министрлік медициналық білімі мен тиісті кәсіби құзыреті жоқ тұлғалардың мұндай мәлімдемелерді таратуы ата-аналардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсірететінін және балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін екенін атап көрсетеді.
Қазақстанда фармакологиялық қадағалау және жағымсыз реакцияларды мониторингтеу жүйесі жұмыс істейді. Оның аясында әрбір тіркелген жағымсыз жағдай мамандар тарапынан мұқият талданады. Қауіп анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жедел шаралар қабылданады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне, дәрігерлердің ұсынымдарына және дәлелді медицина деректеріне сенуге, сондай-ақ балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

04 қаңтар 2026 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031