Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылы Qazaq Digital Mektebi мен ЖИ-ге негізделген Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады

2026 жылы Qazaq Digital Mektebi мен ЖИ-ге негізделген Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады

2026 жылы Qazaq Digital Mektebi мен ЖИ-ге негізделген Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады
Фото: istockphoto.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саланы, оның ішінде білім беруді цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі Үкімет арқылы мұғалімдердің жүктемесін азайтуға, оқушылардың ЖИ сауаттылығын арттыруға және Ұлттық білім беру платформасын құруға бағытталған жасанды интеллект енгізу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
"Оқу-ағарту министрлігі цифрлық профильдердің ұлттық жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құруға кірісті.
Бұған қол жеткізу үшін ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылып, ол барлық LMS, яғни электрондық күнделіктер мен журналдардың бірыңғай деректер қоймасына айналады. Бұл барлық деректі QazTech мемлекеттік бұлтты платформада шоғырландыруға мүмкіндік береді", — деді ол.
Бұл мұғалімдердің күнделікті жүктемесін азайтады, өйткені ЖИ агенттері, мысалы, педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмектесе алады.
"2026–2027 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептер үшін пилоттық өңірлерде Qazaq Digital mektebi жобасы іске қосылады, онда ЖИ репетиторлары қолданылады. 2026 жылға қарай 200 мыңнан астам педагог тәжірибелік ЖИ дағдыларын меңгереді", — деп толықтырды вице-министр.
Оқушылар арасында ЖИ сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек.
Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартысында Министрлік жанындағы жұмыс тобы заңнамалық өзгерістер бойынша ұсынымдар әзірлеп, білім беру саласында жасанды интеллект қолдану бойынша пилоттық жобалардың тиімділігін бағалайды.
"Осылайша, Үкімет ЖИ агенттері көмегімен педагогтер жүктемесін азайтуға, сондай-ақ азаматтарымыз үшін мемлекеттік қызметтер алуды жеңілдетуге мүмкіндік беретін цифрлық негіз қалыптастырады", — деп қорытындылады сөзін Асылбек Ахметжанов.
 
03 қаңтар 2026 ж. 162 0

Алдын алу – басты міндет

03 қаңтар 2026 ж. 188

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031