Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда биылдан бастап балалар лагерінің қызметі лицензия арқылы реттеледі

Қазақстанда биылдан бастап балалар лагерінің қызметі лицензия арқылы реттеледі

Құжат қосымша білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған. 
Фото: freepik
Мемлекет басшысы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтеріне қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, жыл бойы және маусымдық негізде жұмыс істейтін, балаларға білім беру мен сауықтыру қызметін көрсететін стационарлық лагерьлердің қызметін реттеуге арналған.
2026 жылдан бастап қосымша білім беру саласындағы ұйымдар екі санатқа бөлінбек. Білім беру-сауықтыру бағытында қызмет көрсететін мекемелер міндетті түрде лицензия алуға тиіс болса, қалған ұйымдар хабарлама тәртібімен жұмысын жалғастыра алады. Бұл тәсіл саланы реттеуді жеңілдетіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Балалардың қауіпсіздігін күшейту және ортақ талаптарды енгізу мақсатында 2026 жылғы 1 сәуірден бастап балалар лагерьлерінің қызметі лицензияланатын болады. Осы арқылы демалыс, білім алу және сауықтыру жағдайларына қойылатын міндетті талаптар айқындалады.
Сонымен бірге лицензияның қолданылу мерзімі бұрынғы бір жылдың орнына бес жыл болып белгіленді. Бұл өзгеріс ұйымдар үшін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу қажеттілігін жояды. Дегенмен мемлекеттік бақылау тұрақты түрде сақталады.
Айта кетейік, қабылданған түзетулер балаларға қауіпсіз әрі сапалы жағдай жасауға, сондай-ақ елімізде білім беру-сауықтыру қызметтерінің бірыңғай стандартын қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі таңда тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
02 қаңтар 2026 ж. 157 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031