Қазақстанда бүгіннен бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді
Фото: freepik.com

Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Осы Кодекс салық салудың негізгі қағидаттарын белгілейді. Салықтарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, күшін жою, есептеу және төлеу тәртібіне қатысты билік қатынастарын, салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді”, – делінген жаңа Салық кодексінде.
Жаңа Салық кодексіндегі нормалар азаматтардың табысына, жұмыс берушілердің шығындарына, компаниялар мен кәсіпкерлердің салықтық жүктемесіне тікелей әсер етеді.
Жеке тұлғалар үшін негізгі параметрлер
Жылдық табысқа салынатын жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті мөлшерлемесі:
8 500 АЕК-ке (36 762 500 теңге) дейін – 10%;
8 500 АЕК-тен (36 762 500 теңге) жоғары – 15%;
Жеке тәжірибе үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі – 9%
Дивидендтерге салынатын салық (прогрессивті шкала):
230 000 АЕК-ке (994 750 000 теңге) дейін – 5%;
одан жоғары – 15%.
Жалпы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерлер үшін прогрессивті мөлшерлеме:
230 000 АЕК (994 750 000 теңге) дейін – 10%;
жоғары – 15%.
Негізгі салық шегерімі – айына 30 АЕК (129 750 теңге) (жылына ең көбі 360 АЕК)
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік салық шегерімдері (мүгедектік, ардагерлер және т.б.)
Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер үшін негізгі параметрлер
Қосылған құн салығының (ҚҚС) стандартты мөлшерлемесі – 16% (айналымдар мен импортқа)
Медицина саласына арналған жеңілдетілген Қосылған құн салығының мөлшерлемелері:
2026 жылдан бастап – 5%;
2027 жылдан бастап – 10% (дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен қызметтер).
Отандық баспа өнімдеріне Қосылған құн салығы – 10%.
Еңбекақы қорынан төленетін бірыңғай төлем:
2026 жыл – 24,8%;
2027 жыл – 25,8%;
2028 жыл – 26,3% (ЖТС, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және МӘМС-ті қамтиды).
Корпоративтік табыс салығы (КТС) объектілер мен қызмет түрлері бойынша:
төлем көзінен салық салынатын табыстар – 15%;
тұрақты мекеме арқылы қызмет ететін бейрезиденттердің таза табысы – 15%;
бақыланатын шетелдік компаниялар мен олардың тұрақты мекемелерінің табысы – 20%.
Қызмет түрлері бойынша төмендетілген корпоративтік табыс салығы мөлшерлемелері:
ауыл шаруашылығы өндірушілері – 3%;
ауыл шаруашылығы кооперативтері – 6%;
әлеуметтік сала – 5% (2026 жылы), 10% (2027 жылдан бастап).
Аталған нормалар қызметкерлер мен үй шаруашылықтарының нақты табысын айқындайды. Бизнес үшін еңбектің өзіндік құнын қалыптастырады, тауарлар мен қызметтердің бағасына тікелей әсер етеді (ҚҚС арқылы). салалар арасындағы бәсекелестік ортаны белгілейді, жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнестің салықтық жүктемесін анықтайды.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев жаңа Салық кодексіне қатысты үкіметке тапсырма бергені туралы жазған едік.










