Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар айында ауа райы қандай болады

Қаңтар айында ауа райы қандай болады

Қаңтар айында ауа райы қандай болады
Фото istockphoto
Қазгидромет синоптиктері 2026 жылғы қаңтарда Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, қаңтар айында республика аумағының барлығында айлық орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С-қа жоғары болады.
Айлық жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында болжанады. Нормадан көп жауын-шашын Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарының солтүстік-шығысында, Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік жартысында, Түркістан облысы мен Жетісу облысының оңтүстік-шығысында болады.
Ай бойы қар жаууы, екпінді жел, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары ашық, аязды ауа райымен алмасады.
Елдің батысында бірінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасы -10…-18°С-қа дейін, күндіз -5…-12°С-қа дейін төмендейді. 
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде түнгі ауа температурасы -10…-20°С-тан -3…-8°С-қа дейін, күндіз -12…-2°С-тан -5…+3°С-қа дейін ауытқиды.
Қазақстанның шығысында түнде ауа температурасы -2…-13°С-тан -10…-18°С-қа дейін, күндіз -6…+2°С-тан -2…-10°С-қа дейін болады.
Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы -2…-12°С-тан -5…+5°С-қа дейін, күндіз -3…+8°С-тан +5…+10°С-қа дейін, ал елдің қиыр оңтүстігінде +15°С-қа дейін жоғарылауы мүмкін.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде суық ауа массаларының енуі кезінде түнгі ауа температурасының -25…-35°С-қа дейін, күндіз -15…-20°С-қа дейін төмендеуі болжанады. Қаңтардың ең жылы күндерінде ауа температурасы -5…+3°С-қа дейін көтеріледі.
Батыста суық толқындары кезінде түнде ауа температурасы -20…-27°С-қа дейін, күндіз -12…-19°С-қа дейін төмендейді. Айдың жекелеген күндерінде күндізгі ауа температурасының 0…+5°С-қа дейін жоғарылауымен жылымық болуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік жартысында түнгі ауа температурасы 0…-5°С-тан -10…-20°С-қа дейін, күндіз +2…+12°С-тан -3…-13°С-қа дейін ауытқиды. Үшінші онкүндіктің жекелеген күндерінде түнде ауа температурасы -20…-30°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-қа дейін төмендейді.
01 қаңтар 2026 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031