Биыл елімізде 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан
Министр ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде 2025 жылы 1,1 мыңнан астам мамандықты қамтыған 132 кәсіптік стандарт әзірленіп, өзектендірілген.
Фото: www.istockphoto.com
Биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру барысында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.Бұл туралы жылды қорытындылаған ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Светлана Жақыпованың құттықтауында айтылған.
Оның айтуынша, мемлекеттің қолдауымен жыл басынан бері 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.
– Ал жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 9 239 азамат жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК мөлшерінде грант алды. Оқыту және кәсіптік бағдарлау түріндегі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 478 мыңнан астам қазақстандық қамтылды, – деді ол.











