Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдың сазы астанада қалықтады

Сырдың сазы астанада қалықтады

Биыл барша қазақстандықтар еліміздің жүрегі Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі орындаушылар мерейлі мереке құрметіне арнап «Астана – төрім, ордалы елім» атты концерттік бағдарлама ұсынды.
Сырбойылық өнерпаздар елордалық көрермендерді ән мен жырға, күй мен термеге сусындатты. Сахна шымылдығы ақын Айдос Рахметовтің «Арнауымен» ашылды. Оны елге танымал жыршы Күнсұлу Түрікпен шырқаса, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Үміт Медеуова «Ақтамақ», «Бесқопа» және «Қосқаракөз» сынды халық әндерін орындады. Мұнан бөлек, көрермен қауымға жергілікті композиторлардың шығармалары да ұсынылды.
Концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Абылайханның «Қара жорға», Қазанғаптың «Дөңгелек ақжелең» күйлерін, мәңгілік өмір іздеген Қорқыттың «Қоңыр», Шал Мырзаның «Ташауыз» күйлерін өрнектеді.
Мұнан соң сахна төріне жыршылар Ақмарал Ноғайбаева мен Бисенбек Төлеубаев шығып, жыраулық өнердің бірнеше мектебі қалыптасқан сырлы өңірдегі сұлу мақамды әуелетті. Ал ансамбль солисі Эльмира Қалқожаева халық әндері «Ай-қаракөз», «Құрбым-ай», «Әгугайды» «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындады. Осылайша, өнер саңлақтары астаналықтардың қошеметіне бөленді.
– Ару қала Астана шаһарының 20 жылдық мерейтойына Қызылорда облыстық филормаониясынан өзіміздің шағын тобымызбен келдік. Концертіміз 3 блогтан тұрды: жеке әншілер, «Ақмешіт» ансамблінің бағдарламасы және жыршылар блогы. Домбыраның күмбірі мен қобыздың қоңыр үнін сағынған елорда жұртына өнерімізді риясыз жүрекпен ұсындық, – деп ағынан жарылды әнші Үміт Медеуова.
Астаналық көрермендер Сырдың өнерлі перзенттеріне ризашылық сезіммен қол соғып жатты.
syr-media.kz
08 қыркүйек 2018 ж. 1 112 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 48

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 82

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 133

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 70

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031