Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдерге жағымды жаңалық: Енді аттестациялау тәртібі жеңілдейді

Мұғалімдерге жағымды жаңалық: Енді аттестациялау тәртібі жеңілдейді

Фото: freepik.com
Мұғалімдерге артық жүктеме азая ма? Министрлік өзгеріс әзірлеп жатыр. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда педагогтерді аттестациялау тәртібі қайта қаралуы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына еліміздің әр өңірінен мұғалімдер енді.
Бұл шешім ұстаздардың қолданыстағы бірқатар бұйрықтардың заңнамаға сәйкес келмейтіні туралы көптеп түскен өтініштерінен кейін қабылданған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жеткізді. Педагогтердің қатысуымен нормативтік база талданады Жұмыс тобына білім беру саласындағы қолданыстағы құжаттарды бірнеше бағыт бойынша зерделеу тапсырылған. Атап айтқанда, олардың заңнамаға сәйкестігі, құқықтық қайшылықтардың болмауы, сондай-ақ педагогтер мен білім беру ұйымдарына түсетін артық жүктемені азайту мәселелері қаралады. Министрлік педагогикалық қауымдастықпен бірлесе отырып, цифрландыру талаптары мен құжаттардың мектептер мен балабақшаларда іс жүзінде қолданылу тәжірибесін ескере отырып, нормативтік базаны кешенді түрде талдамақ. Министр не дейді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, жұмыс тобын құрудағы басты мақсат – педагогтермен кері байланысты күшейтіп, ұсыныстарды ашық форматта талқылау. «Жұмыс тобы жүргізетін талдау қорытындысы бойынша министрлік нақты ұсыныстар пакетін әзірлейді. Біз он негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз және барлық нормативтік-құқықтық актілерді қайта қараймыз. Талдау нәтижелері мен ұсыныстар келесі жылдың ақпан айында әр бағыт бойынша жеке-жеке қаралады», – деді министр. Аттестация тәртібі: қандай талаптар алынып тасталуы мүмкін Жұмыс тобының отырысында педагогтерді аттестациялау ережелерін қайта қарау, соның ішінде авторлық бағдарламаларды әзірлеу талабын алып тастау ұсынылды. Қазіргі талапқа сәйкес, «педагог-шебер» біліктілік санатын алу үшін мұғалімдер Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған авторлық бағдарламаларды әзірлеп, енгізуі тиіс. Бұл бағдарламаларға сараптаманы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Эксперттік кеңес жүргізеді. Авторлық бағдарламалар бойынша ахуал 2025 жылы Республикалық сараптамалық кеңес 875 материалды қараған. Оның 303-і мақұлданса, 572 бағдарлама қайта пысықтауға жіберілген. Талдау нәтижесі әр екінші жұмыстың елеулі толықтыруды қажет ететінін көрсетті. Министрдің айтуынша, бағдарламалардың басым бөлігі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Ал оларды міндетті түрде әзірлеу талабы мұғалімдердің уақытын тиімсіз жұмсауға және формалды көзқарастың қалыптасуына әкелген. Қандай өзгеріс енгізіледі? Алдағы уақытта «педагог-шебер» санаты үшін авторлық бағдарламалар әзірлеу талабы алынып тасталуы мүмкін. Оның орнына педагогтің нақты жұмыс нәтижелері мен оқу-тәрбие үдерісінің сапасына негізделген баламалы бағалау құралдарын енгізу жоспарланып отыр.


29 желтоқсан 2025 ж. 113 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031