Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктер туралы жаңа заң президентке қол қоюға жолданды

Банктер туралы жаңа заң президентке қол қоюға жолданды

Фото: freepik.com
Парламент банктер туралы жаңа заңды қабылдады.

29 желтоқсанда өткен жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары банктер туралы заңға және оған ілеспе заң жобасына Сенат енгізген түзетулермен келісті. Құжаттағы түзетулердің бірі – бірнеше банктен бір мезгілде несие алуға шектеу қою.
Заң жобасы негізінен банк қызметін реттеуді жетілдіруге және қаржы нарығын дамытуға бағытталған. Соның ішінде:
  • банк құпиясы режимін сақтау талаптарын қазынашылық органдарына да қолдану;
  • деректер витринасын енгізу мақсаттарын және онда қамтылуға тиіс ақпараттың тізбесін регламенттеу, сондай-ақ деректер витринасына қатысты нормалардың қолданысқа енгізілу мерзімін 2026 жылғы 1 маусымнан 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру;
  • базалық банк лицензиясынан әмбебап банк лицензиясына көшу кезінде пруденциялық нормативтерді сақтау талаптарын нақтылау.
Сондай-ақ құжатта Қазақстан Республикасының резиденті болып саналмайтын ислам банкінің филиалына белгілі бір инвестициялық қызметті іске асыру құқығын белгілеу мәселелеріне қатысты түзету қарастырылған.
Жаңа заң президентке қол қоюға жолданды.
29 желтоқсан 2025 ж. 256 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031