Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Токиода ел тарихындағы ең жылдам интернет іске қосылады

Токиода ел тарихындағы ең жылдам интернет іске қосылады

Фото: pixabay.com
Жапонияның телекоммуникация саласындағы ірі операторы — NTT East Токиода аса жоғары жылдамдықтағы үй интернетін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2026 жылдың наурыз айынан бастап Токио тұрғындары талшықты-оптикалық FTTH желісі арқылы 25 Гбит/с-қа дейін интернет жылдамдығын пайдалана алады. Қазіргі таңда Жапонияда көпшілікке қолжетімді ең жоғары жылдамдық 10 Гбит/с деңгейімен шектеліп келген.
Жаңа тариф Flet Hikari 25G деп аталады және best-effort қағидатымен жұмыс істейді, яғни желінің нақты жағдайына байланысты мүмкін болған ең жоғары жылдамдық ұсынылады. Бұл бастама NTT компаниясының жаңа буындағы цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды стратегиясының бір бөлігі саналады.
Айта кетейік, Жапонияда деректерді беру технологиялары тек тұрмыстық деңгейде емес, ғылыми ортада да қарқынды дамып жатыр. Жуырда жапон зертханаларында эксперименттік талшықты-оптикалық желі арқылы секундына 1 петабиттен (1 млн гигабиттен) астам дерек жеткізуге қол жеткізілген.
27 желтоқсан 2025 ж. 194 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031