Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептер толықтай жоғары жылдамдықты интернетпен қашан қамтамасыз етіледі

Мектептер толықтай жоғары жылдамдықты интернетпен қашан қамтамасыз етіледі

Қазақстанда 8 042 мектептің 7 917-сі интернетке қосылған. Бұл туралы Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Фото: Freepik
- Қазақстанда 8 042 мектеп бар, олардың 7 917-сі қазірдің өзінде интернетке қосылған. Оның ішінде талшықты-оптикалық байланыс (ТОБ) арқылы – 4 663 мектеп, басқа технологиялар
бойынша 3 254 мектеп (радиорелейлік байланыс – 1 093 мектеп; Starlink – 1 657 мектеп; ADSL – 263 мектеп; LTE-модемдер – 144 мектеп; спутниктік технологиялар – 97 мектеп) қамтылған, - деді Ж. Мәдиев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, аталған 3 254 мектептің ішінен 450 мектепті талшықты-оптикалық байланысқа қосуды жақын арада іске асыруға болады. Өйткені бұл елді мекендерге интернет желі тартылған.
Сондай-ақ, министрлік пен «Қазақтелеком» арасындағы инвестициялар туралы келісім аясында 2 010 мектепке талшықты-оптикалық байланыс жеткізіледі. Бұл тұрғыда 2025 жылы – 819 мектеп, ал 2026 жылы 1 191 мектеп қамтылады. Жобаны іске асырудың қорытындысында барлық мектептерде жоғары жылдамдықты интернет қамтамасыз етіледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қазір елімізде 267 мың орынға арналған 232 мектеп салынып жатыр. 

12 тамыз 2025 ж. 293 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031