Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден беріледі: Министрлік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден беріледі: Министрлік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Фото: pixabay.com
Желіде 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 мың теңге аударылады деген ақпарат тарауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, бұл – алаяқтардың кезекті құрығы.
“Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз”, – делінген хабарламада.
Министрлік жалған ақпарат таратқандар жазаланатынын ескертті.
07 тамыз 2025 ж. 290 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031