Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде макроэкономикалық өсім қалыптасты

Сыр өңірінде макроэкономикалық өсім қалыптасты

Қызылорда облысында экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев елордада өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Аймақ басшысының айтуынша, Президент пен Үкіметтің қолдауының арқасында өткен 11 айдың қорытындысымен барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім қамтамасыз етілген. Жалпы өңірлік өнім көлемі жыл соңына дейін 3 триллион 700 миллиард теңгеге жетіп, 6,5 пайыз өсім болады деп күтілуде. Облыс бюджеті 851,3 миллиард теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 246 пайызға артты. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған.
Өңірде инвестициялық ахуал жақсарып, ірі жобалар жүзеге асуда. Биыл инвестиция көлемі 750 миллиард теңгеден асып, жоспар 13,7 пайызға артығымен орындалды. Кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржы есебінен мыңдаған жоба қаржыландырылып, оның экономикадағы үлесі 21 пайызға жетпек.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және білім саласын жаңғыртуға да ерекше мән берілуде. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті базасында Жасанды интеллект институтының ашылуы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.
Айта кетейік, бюджет қаражатын оңтайландыру нәтижесінде соңғы жылдары 108 миллиард теңге үнемделіп, ол өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.
Сонымен қатар кәсіпкерлер мен меценаттар «Туған жерді бірге түлетейік!» бастамасы аясында аймақты дамытуға белсенді атсалысуда.

А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
23 желтоқсан 2025 ж. 202 0

ХАБАРЛАНДЫРУ!

26 ақпан 2026 ж. 38

Есіктен есікке

26 ақпан 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728