Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Орталық Азия – Жапония” саммиті келесі жолы Қазақстанда өтетін болды

“Орталық Азия – Жапония” саммиті келесі жолы Қазақстанда өтетін болды

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

20 желтоқсан “Орталық Азия – Жапония” диалогының бірінші саммиті өтті. Енді келесі жолы жиын Қазақстанда өтетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Орталық Азия – Жапония” саммитінде Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.
“Орталық Азия – Жапония” саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды. Бұл форматтағы төрағалық енді Қазақстан тарапына өтті.
Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Жапония Премьер-министрі келесі саммиті Қазақстанда өткізуге келісті.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барып, Токио әуежайында Жапонияның сыртқы істер министрі қарсы алғанын жазған едік. Сапар барысында мемлекет басшысы император Нарухито мен премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесіп, "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысты.
20 желтоқсан 2025 ж. 292 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31