Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер шыршаның тосын қаупін атады

Дәрігер шыршаның тосын қаупін атады

Дәрігер шыршаның тосын қаупін атады
Фото: pixabay.com
Дәрігер Александра Филева жаңа жылдық шырша аллергияға себеп болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz riamo.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, аллергияның бір себебі шырша болуы мүмкін.
"Аллергияны ағаштың өзі емес, оны тасымалдап, сатылымға дейін сақтаған кезде қабығы мен діңінде дамитын микроскопиялық зең (көгеріс) тудырады", - деп түсіндірді Филева.
Бұдан бөлек, табиғи шайырлар тыныс жолдарының шырышты қабығын тітіркендіріп, реакция шақыруы ықтимал. Сонымен қатар, дәрігер жасанды шырша да, әсіресе ол шаң басқан жерде сақталса, қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті. Мұндай жағдайда шыршада шаң кенелері және зең споралары жиналып қалады.
Мереке алдында шыршаны шығарғанда аллергендер ауаға тез тарап, мынадай жағымсыз белгілерге әкелуі мүмкін:
мұрынның кенеттен су ағуы, бітелуі;
жиі түшкіру;
көздің қызаруы мен қышуы;
құрғақ жөтел.
Филеваның айтуынша, сирек жағдайларда жасанды шырша тері бөртпесін де қоздыруы мүмкін.
Дәрігер бұл белгілердің суық тиюге ұқсайтынын, бірақ аллергия кезінде әдетте дене қызуы көтерілмейтінін нақтылады. Сонымен бірге, өзін жайсыз сезінудің нақты себебін анықтау үшін дәрігерге қаралу қажет екенін айтты.


19 желтоқсан 2025 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031