Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы кептелісі көп көпір мәселесі қалай шешіледі

Қызылордадағы кептелісі көп көпір мәселесі қалай шешіледі

Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 566 шақырым жол 1-ші санатқа ауыстырылады.Фото: Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыОблыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, оның жобалық-сметалық құжаттамасын «ҚазАвтоЖол» мекемесі әзірледі. 

– Жоба құны – 879 млрд 191 млн теңге. Қазіргі таңда Исламдық даму банкі арқылы қаражат көзін тарту, мердігерлерді анықтау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сексеуіл-Бейнеу автомобиль жолының құрылысын жеделдетуге де күш саламыз. Ұзындығы 559 шақырым жолдың 189 шақырымы Арал ауданының Құланды, Ақбасты, Ақеспе, Қосаман, Бердікөл, Сексеуіл елді мекендері арқылы өтеді. Жоба аясында өңіріміздің ең шеткі елді мекендерінің де жол қатынасы жақсарады, - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.Фото: Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыБасқарма келесі жылы облыс орталығында қандай жұмыс атқарылатынын тізбектеп берді. Алдағы жылы Қызылорда қаласының Назарбаев даңғылында Қызылжарма каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі (47,7 м) салынып, Қызылорда-Құмкөл автожолындағы жол өткелі (52 метр) қайта жаңғыртылады. Марал Ишан – Қ. Махамбетов – Тәуелсіздікке 25 жыл көшелерін кіре-беріс қақпадан Саламатов көшесіне дейін (6,2 км) қайта жаңғырту, Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің (312 м) құрылысын бастау жоспарланып отыр.

– Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының сол жағалауына қарай көлік қозғалысы Ғани Мұратбаев көшесінің бойындағы көпір арқылы ұйымдастырылған. Күннің қарбалас уақытында сол жағалауға өту кезінде кептеліс пайда болып, көліктің жүруі қиындайды. Оған себеп – облысымызда 175 мыңға жуық көлік тіркелген болса, оның 88 мыңы Қызылорда қаласының тұрғындарына тиесілі. Осы мәселені шешу мақсатында Тоқтыбаев көшесінен сол жағалауға өтетін көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталған жоба келер жылы қолға алынады. 

Бұған дейін өңірдегі аудандар теміржолдың екі жағына шоғырланып, көлік қозғалысы теміржол өткелдері арқылы ұйымдастырылып жатқанын жазғанбыз. 

19 желтоқсан 2025 ж. 77 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031