Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай өңірінде көлік көп

Қазақстанның қай өңірінде көлік көп

pixabay.com
Қазақстандағы автокөлік саны алты миллионға жақындап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АЛМАТЫ АЛДА
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ел аумағында 5 млн 843,3 мың автокөлік тіркелген. Оның басым бөлігі — В санатындағы жеңіл көліктер (шамамен 4,9 млн).

Ең көп автокөлік Алматы қаласында тіркелген — 718 мың. Ресми дерекке сай, оңтүстік мегаполистің халқы 2 млн 337 мың адамды құрайды. Яғни шамамен әрбір үш алматылыққа бір автокөліктен келеді. Әрине, бұл көліктердің қала тұрғындары арасында теңдей бөлінгенін білдірмейді.

Келесі орындарда Алматы облысы (636,7 мың көлік) мен Түркістан облысы (495,8 мың) тұр. Одан кейін Астана (443,5 мың) және Қарағанды облысы (376,7 мың) келеді. Ал ең аз автокөлік жаңа құрылған екі өңірде тіркелген: Абай облысында — 92,8 мың, Ұлытау облысында — 33,4 мың.

КОНТЕКСТ
Қала аумағындағы автокөлік санының шамадан тыс көптігіне байланысты Алматы билігі мегаполиске ақылы кіру тәртібін енгізу мәселесін көптен бері көтеріп келеді. Алайда бұл бастама Экологиялық кодекске қайшы келуі мүмкін.
16 желтоқсан 2025 ж. 140 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031