Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көлік саны бір жылда 12,3%-ға көбейді

Қазақстанда көлік саны бір жылда 12,3%-ға көбейді

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстанда биыл жарты жылда 5,5 млн автокөлік құралы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық, деп жазды Energyprom.kz.
Оның 4,8 млн-ы жеңіл автокөлік, 540,8 мыңы — жүк көлігі, ал 114,1 мыңы – автобус.
Автокөліктердің басым бөлігі Алматыда тіркелген. Сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік көп.
Ал автокөлігі аз облыстар – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары.
"Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының нөмірлері бар автокөлік құралдарының саны 9,4%-ке, яғни 157,3 мыңға дейін қысқарды. Аймақ белгіленбеген нөмірлері бар машиналардың саны 13%-ға, 294,4 мыңға дейін, ал дипломатиялық нөмір таққан автокөлік құралдарының саны 10%-ға, 48,8 мыңға дейін өсті", - деп жазды ақпарат порталы.
Биылғы жарты жылда қазақстандықтар 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі қозғалтқышы бар көлікті жиі пайдаланған. Ондай көліктердің саны бір жылда 9,8%-ға өскен. Жалпы Қазақстанда жүрген көліктердің 81,9%-і бензинмен жүреді.
Ал көліктердің шыққан жылына зерттеу жүргізгенде, биыл жарты жылдағы көрсеткіш бойынша 2,5 миллон көліктің жасы 20 жылдан үлкен. Ал небәрі 335,2 мың көлік үш жыл ғана жүрілген.
22 тамыз 2024 ж. 208 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031