Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі теміржол мекемелерінің басшыларымен кездесті

Аудан әкімі теміржол мекемелерінің басшыларымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқан аудандағы теміржол мекемелерінің басшыларымен кездесті. Ғасырдан астам тарихы бар Қазалы теміржол мекемелерінің бүгiнгi тынысы жыл санап жақсарып келедi.

Жиында аудан басшысы мекеме басшыларымен бірге тоғыз жолдың торабында орналасқан, әр тараптан келген жолаушыларды тоғыстыратын ауданның бас қақпасы мен барлық теміржол мекемелерінің аумағындағы тазалық мәселесін қолға алу, ұжымдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілікке мән беру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қазіргі таңда ауданда теміржол саласы бойынша 15-тен аса мекеме-кәсіпорындар жұмыс жасайды. Өңдеу өнеркәсібінің басым бөлігі осы теміржол мекемелерінің еншісінде. Теміржол саласының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасаудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Биыл ауданның теміржол саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалына қайта жаңғырту жұмыстары және теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір қайта салынуда. Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі оңтүстік және солтүстік беткейдегі теміржол өткелдеріде жөндеуден өтуде. Жергілікті бюджет есебінен вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүруде. Бас қақпамыз саналатын теміржол вокзалының жаңа кейіпке енуі жолаушыларға жайлы жағдай жасап, ауданның инфрақұрылымдық дамуына тың серпін бермек, - деді аудан басшысы.

Жиында мекеме-кәсіпорын басшылары да өз ұсыныстарын ортаға салып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.
16 желтоқсан 2025 ж. 169 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 135

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 149

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 148

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031