Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу желілерінің тозуы 25 пайызға төмендеді – Үкімет

Жылу желілерінің тозуы 25 пайызға төмендеді – Үкімет

Фото: istockphoto.com
Үкіметтің 2025 жылғы жұмысының қорытындысын шығару бойынша Astana Hub-та өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Есепті кезеңде энергетика саласында ең маңызды нәтижелерге қол жеткізілді – инфрақұрылымның ұзақ жылдар бойы созылған тозуы тоқтатылып, активтерді ауқымды жаңарту циклі іске қосылды. «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты енгізілгеннен кейін электр стансаларын жөндеу жұмыстарына салынған капиталдық инвестициялар 20%-ға артты, бұл енгізілген принциптің тиімділігін көрсетеді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі сенімділіктің нақты көрсеткіштерімен бағаланады. Ұзақ жылдан бері алғаш рет ел бойынша ЖЭО (жылу электр орталықтары) жабдықтарының жалпы тозуы азайып, көрсеткіш 61%-ға жетті. Жоспарланған барлық жөндеу жұмысын орындау Кентау, Риддер және Екібастұз стансалары секілді барлығы 9 энергетикалық нысанды тәуекел аймағынан шығаруға мүмкіндік берді.
323 шақырымдық жылу желілерін қайта жаңғырту нәтижесінде тұтынушыларға тұрақты жылу жеткізу қамтамасыз етіліп, инфрақұрылымның тозуы 52%-ға төмендеді. Жылу желілеріндегі апаттық жағдайлар саны 25%-ға кеміді.
«Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар МАЭС-інде (мемлекеттік аймақтық электростанса) 130 мегаватт қуаттылығы бар жаңа турбоагрегат сәтті іске қосылды. Энергетикалық жүйе сұраныстың алдын орап, рекордтық көрсеткіш сағатына 118 млрд киловатт электр энергиясын өндірді», — деді Ерлан Ақкенженов.
Келесі жылдан бастап Үкімет өңірлік деңгейде жылумен жабдықтау схемаларын қайта қарау бойынша жүйелі жұмысқа кіріседі. Пилоттық жобалар Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында жүзеге аспақ.


15 желтоқсан 2025 ж. 138 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 9

Үш облыста жол ашылды

15 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031