Заң мен тәртіп: профилактикалық жұмыстың және смарт-браслет құрылғысының маңыздылығы талқыланды
Заң мен тәртіп: профилактикалық жұмыстың және смарт-браслет құрылғысының маңыздылығы талқыланды2025 жылдың 11 желтоқсан күні Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Мәди Нәбиұлы Қазалы ауданына келіп, пробация есебіндегі азаматтармен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесуге аудан прокуроры, аудан әкімінің орынбасар және полиция басшысы қатысты.
Кездесудің мақсаты Пробациядағы азаматтардың қайта құқықбұзушылыққа бармауын қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының “Заң мен тәртіп” идеологиясын іске асыру бағытындағы жұмыстарды түсіндіру.
Мәди Нәбиұлы Smart-браслет – құқықбұзушылық жасаған немесе пробацияда тұрған азаматтардың қозғалысын қашықтан бақылауға арналған заманауи электрондық құрылғы. Ол азаматтың арнайы белгіленген аумақтан шықпауын, уақыт тәртібін сақтауын және пробация талаптарын орындауын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Пікір қалдыру














