Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ветеринар мамандардың жалақысы көтерілуі мүмкін

Ветеринар мамандардың жалақысы көтерілуі мүмкін

"Ветеринария" бағыты бойынша мамандарды 11 ЖОО дайындайды.
Фото: pinterest.com
Республикалық бюджет комиссиясы ветеринар мамандардың жалақысын көтеру үшін 22 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды қолдады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда "Ветеринария" бағыты бойынша кадрлар даярлауды 11 жоғары оқу орны жүзеге асырады, оның ішінде 3-і Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде, олар 2025 жылға бөлінген 1001 (77,5%) грант алды. Бұл ретте, өту балы жалпы конкурс бойынша – 62 балл, ауылдық квота бойынша 56 балды құрады", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Құзырлы мемлекеттік органдар бірқатар міндеттерді шешу бойынша жұмыс тобын құрған.
"Ветеринария" бағыты бойынша студенттерге стипендияны педагогикалық бағыттағы студенттер деңгейіне дейін ұлғайту және ветеринария мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу балдарының шегін біртіндеп арттыру; ауылдық квотаны 30%-дан 70%-ға дейін арттыру; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жіберетін нысаналы гранттардың үлесін ұлғайту. Сонымен қатар мемлекеттік тапсырысты орналастыруды тиісті материалдық базасы, заманауи жабдықтары және ғылыми-педагогикалық кадрлары бар жоғары оқу орындарында ғана жүзеге асыру; 1 жыл оқу мерзімімен 3 жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде бейінді магистратура арқылы ветеринариялық кадрларды қайта даярлауды көздеу", – деп атап өтті Аманғали Бердалин.
Оның айтуынша, республикалық бюджет комиссиясы ветеринариялық мамандардың жалақысын көтеру үшін 22,0 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды қолдады.
Айта кету керек, бұған дейін елімізде жануарлардың 23 ауруына қарсы вакциналау жүргізілетінін жазғанбыз.
12 желтоқсан 2025 ж. 131 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031