Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тарифтердің бірдей қымбаттатуы күмәнді»: депутат операторларды тексеруді талап етті

«Тарифтердің бірдей қымбаттатуы күмәнді»: депутат операторларды тексеруді талап етті

Фото: Pixabay.com
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен Altel, Tele2, Beeline тариф саясатын тексеруді сұрады.

Таяуда Қазақстандағы Altel, Tele2 және Beeline компаниялары ұялы байланыс абонент төлемін 20 пайызға дейін көтеретіндерін жариялады. Үш ірі оператордың тарифтерді бірдей мөлшерде және бір уақытта қымбаттатуы қоғамда да, депутатта да күмән тудырады.

«Бұл компаниялар арасындағы бәсекенің емес, өзара келісімнің, үйлесімнің, астыртын ақылдасудың белгісі емес пе? Бұл жағдай қарапайым тұтынушылардың құқықтарын таптау деп есептейміз. Себебі баға өседі, бірақ нарықта балама оператор жоқ, яғни тұтынушы таңдау мүмкіндігінен айырылады. Нәтижесінде абоненттерге жоғары ақы төлеу міндеттеледі», – деді депутат.

Әшімжан 2023 жылдан бері байланыс тарифтері 7–57 пайыз аралығында қымбаттаған да атап өтті. Ол аталған компаниялардың тариф саясатынан бағаны келісіп белгілеу белгісі бар-жоғын анықтау керек деп санайды.
10 желтоқсан 2025 ж. 270 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031