Мысыр визаның қымбаттағаны жайлы сыбыстарды жоққа шығарды
Сурет: pixabay8 желтоқсанда Мысыр билігі елге кіру визасының қымбаттағаны жөніндегі ақпаратты ресми түрде теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мәлімдемеге себеп – бірқатар әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының визаның бағасы 45 долларға дейін өсті деп жазған ақпараттары. Туризм министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны жай ғана қауесет деп атады.
"Визаның құнын 25 доллардан көтеру туралы ешқандай шешім қабылданған жоқ. Шын мәнінде бекітілгені – тек визалық алымның мүмкін болатын ең жоғарғы мөлшері, яғни билік болашақта пайдалана алатын шекті мән ғана. Бірақ бұл визаның нақты бағасына еш әсер етпейді", – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатқанын жазғанбыз.













