Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынды

16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынды

16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынды
Фото: pixabay.com
Аустралия әлемде алғаш рет 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануға заңмен тыйым салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ
2024 жылдың қарашасында қабылданған заң 10 желтоқсаннан бастап күшіне енді. DW-нің жазуынша, шектеу балаларды онлайн-қорлау, жалған ақпарат тарату және заңсыз контенттен қорғауға бағытталған. Тыйым ең ірі платформаларды қамтиды: TikTok, YouTube, Instagram, Snapchat, Facebook, Reddit және X.
Алайда бұл шектеу WhatsApp-қа, электрондық поштаға, онлайн-ойындарға және білім беру сервистеріне қолданылмайды.

МАҚСАТ
Премьер-министр Энтони Альбанезе жаңа норманың балаларға «шынайы балалық шақты толыққанды өткізуге» мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ата-аналарға да көбірек сенім береді және өзге мемлекеттер үшін үлгі болуы ықтимал.

ЖАЗА
Заң талабын орындаудан бас тартқан әлеуметтік желілерге 49,5 млн австралиялық доллар айыппұл салынуы мүмкін. Бұл шамамен 33 млн АҚШ долларына немесе 30 млн еуроға жуық.
10 желтоқсан 2025 ж. 201 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031