Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты тергеу аяқталды

TikTok арқылы құмар ойын ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты тергеу аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады.
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды.
- Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады.
Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. 
Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды, - деп жазды ведомстводан.
Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.
Бұл – интернет кеңістігінде белсенді жастардың құмар ойындарына тартылу қаупін арттырып, зиянды әдеттерге, тәуелділікке және қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін қауіпті әлеуметтік үрдіс.
Айта кетейік, Түркістан облысында алаяқтық жасаған тұрғын қаржыны құмар ойынға жұмсаған.

12 маусым 2025 ж. 364 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031