Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ шетелде ЖСН беру туралы хабарландыруларға байланысты тексеруді бастады

ІІМ шетелде ЖСН беру туралы хабарландыруларға байланысты тексеруді бастады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
ІІМ Қазақстаннан тыс жерде шетелдіктерге ЖСН беру туралы хабарландырулардан кейін тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы "Ақ жол" партиясының депутаттық сауалына көші-қон қызметі комитетінің жауабында айтылған - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін партия депутаттары Қазақстанда болмаған шетел азаматтарына ЖСН беру мәселесі бойынша ІІМ-ге сауал жолдаған болатын.
Жауапта ІІМ бұл факт бойынша тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.
"ІІМ әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде ЖСН алу мүмкіндігі туралы хабарландырулар мен түрлі қызметтерді анықтап отыр, негізінен Ресей азаматтарына қатысты. Осы факт бойынша жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамаға сәйкес тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген жауапта.
Бұған дейін ІІМ 2024 жылы шетелдіктерге 435 408 ЖСН берілгенін хабарлаған болатын (оның ішінде: Ресей – 233 013, Өзбекстан – 121 719, ҚХР – 25 654, Тәжікстан – 13 846, Қырғызстан – 9 308).
31 желтоқсан 2024 ж. 182 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930