Жүрекке күрделі оталар жасалды
Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл саладағы жаңашылдықтар соңғы жылдары қарқын алып, ауруларды ерте анықтау, емдеуді дәл жүргізуге және жалпы халықтың өмір сапасын жақсартуға үлкен үлес қосып келеді. 28–29 қараша күндері Қазалы көпбейінді орталық ауруханасында үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды. Дәрігерл ер жүрек ырғағының бұзылыстары бойыншаалғаш рет аритмологиялық жоғары мамандандырылған оталар жасап, оқу-шеберлік тәжірибесін жүргізді.Республика бойынша аудандар арасында тұңғыш рет жүзеге асқан жоғарымамандандырылған күрделіотаға елімізге белгілі мамандар қамтылды. Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының интервенционды аритмолог дәрігері, MD, PhD дәрігер ҚанатЕргешов, облыстық медицина орталығының облыс бойынша штаттан тыс аритмологы Нұрболат Лепесов арнайы шақыртылып, тәжірибе алмасты. Аудандықкөп бейінді орталық аурухансының рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімшесініңмеңгерушісі Кенесары Баспаев пен рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің интервенциялық аритмолог дәрігері Рахымжан Темірбай қатысты.
«Заманауи медицинаның жоғары технологияларын талап ететін күрделі бағыттардың мүмкіндігін падаланған шара аудандағы медицина саласының өрісінаңғартты. Бұл бастамажүрек ырғағы бұзылыстары бар науқастарға жоғары мамандандырылған көмектіөңірлік деңгейде көрсетуге бағытталып отыр» дейді Қазалыаудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәірігері Қадірбек Алипов.
Шебер-классбарысында жүре к аритмияларын заманауи диагностикалау, интервенциялық емдеуәдістері жүзеге асқан. Жүректіңауыр брадикардиясы мен өткізгіштік бұзылыстарында қолданылатын электрокардиостимулятор имплантациясы, жүрек ішіндегі артық электрлік ошақтарды жою арқылы тахиаритмияларды емдеу тәсілі, радиожиілік абляция жәнепароксизмалды жүрекшелер фибрилляциясы кезінде қолданылатын заманауи әрі тиімдіәдіс өкпе қантамырларының криоабляциясы бойынша Қазалы, Қармақшы, Арал аудандары тұрғындарына ота жасалған.
Жетекші ота жасалған жанның бірі жанкенттікҮрзада Абдукемал. Өзінің денсаулығы туралы білмейтін науқас қазан айында аулынакөшпелі дәрігерлердің кешенді тесерулері кезінде анықталған. Әлсіздік, ауажетпеу шағымы бойынша тексерілген тұрғынның жүрек жеткіліксіздігінің біріншісатысы анықталып, электрокардиостимулятор имплантациясы қойылған.

«Қатты қорыққанмын. Қазір демікпем тыйылып, қан қысымым тұрақталды. Ақхалатты абзал жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Мұны мүмкіндік дегеннен өзге қалай атауға болады. Алысқа сабылмай, ауданнан емімізге шипа таптық. Барлық отаға атсалысқан алтын қолды дәрігерлер, әсіресе жас бола тұра, өзі ісінің шебері Рахымжан Ғалымжанұлына, «кәсіптеріңізден берекет табыңыздар!» деген аналық алғысымды айтамын» дейді ол.
«Бұл істі жаңашылдықтың саналы табысы, Қаза қстан медицинасы өрісінің көрсеткіші деп атар едім. Ауырғаныма көп болған жоқ. Жағдайыма қаныққан дәрігерлер жедел әркетке көшіп, нәтижесінөздеріңіз естіп отырсыздар. Жүрек соғысы әлсіздігін қалпына келтіру үшін ЭКС имплантациясы жасалды. Жағдайым жақсы. Дәрігерлер бақылауындамын» дейді Қармақшы ауданының Төретам қаласынан келген науқас Кеңес Жалмағамбетов.
Оталар нәтижелі,сәтті аяқталған. Дәрігерлердің айтуынша, ота жасалған 7 науқастың да жағдайы тұрақты. Қызылорда облысы ұлттықдеңгейде жүрек-қан тамырлары аурулары жиі кездесетінаймақтарға жатады. Соңғы деректер өңірде мұндай науқас түрлерінен болатын сырқаттанушылық деңгейі төмендеп, өлім-жітім азайғандығын көрсетуде.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА













