Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес үшін арнайы келісім енгізіледі

Бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес үшін арнайы келісім енгізіледі

Фото: freepik.com
Бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің санаты мен деңгейіне байланысты сараланған әдіснамалық база дайындалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары –Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
«Мемлекет басшысы экономикадағы орта бизнестің үлесін 2029 жылға қарай 15 пайызға дейін ұлғайту міндетін қойды. Бүгінгі таңда мемлекеттік ынталандыру шараларын өзгерту арқылы орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорын неғұрлым бәсекеге қабілетті болса, соғұрлым ол қолдау шараларын ала алады. Қолдау шаралары ретінде бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің санаты мен деңгейіне байланысты сараланған қажетті әдіснамалық база дайындалады. Дамытуға арналған құралдардың бірі неғұрлым бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес үшін енгізілетін арнайы келісім болады, оған сервистік қолдау көрсетіледі және қажетті мемлекеттік қолдау жиынтығы таңдалады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік қолдау шараларының Цифрлық тізілімін қалыптастыру, оларды стандарттау және «бір терезе» қағидаты бойынша ұсыну бойынша жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр. Әзірленген тәсілдердің негізінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегімен шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға, оның ішінде пакеттік шешімдерді енгізуге бағытталған заңнамаға түзетулер қабылданатын болады.

«Сонымен қатар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп E-gov Business базасында мемлекеттік қолдау шараларын алу рәсімдерін автоматтандыру мүмкіндігін қарастыратын Бірыңғай терезе – кәсіпкердің жеке кабинетін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бақылаушы органдардың бизнеске қысымын төмендету үшін салалық заңдармен бизнесті тексеруді регламенттеуге тыйым салынады. Аталған шаралар ұлттық экономиканың өсуіне ықпал ететін бәсекеге қабілетті шағын және қуатты орта бизнесті қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Нұрлан Байбазаров.
03 қыркүйек 2024 ж. 57 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30