ҰҚК құрылыс материалдарының арасынан жасырынған шетелдіктерді ұстады
Фото: pexels2025 жылғы 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ақтөбе облысындағы "Жайсан" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қонның алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында шекарашылар құрылыс материалдарының арасынан 10 шетел азаматын анықтады.
Комитеттің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК-де атап өткендей:
"Мұндай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады".
Сәл ертерек Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мұнай өнімдерін ұрлау фактілері туралы хабарлаған болатын.












