Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰҚК Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерін ұстады

ҰҚК Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерін ұстады

Kyzylorda-news.kz Ішкі істер министрлігінің Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс туралы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. Бұған дейін БАҚ-та Ақтауда ІІМ-нің Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы мен оның қол астындағы қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Олар қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін бір миллион теңге пара алған деген күдікке ілінді.

«Аталған факт бойынша ҰҚК Қылмыстық кодекстің 366-бабы «Пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсан айының соңында ҰҚК қызметкерлері Маңғыстау облысында есірткі сатып жатқан үш қазақстандықты ұстаған болатын.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
12 қаңтар 2025 ж. 235 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930