Қар, көктайғақ пен тұман: 22 қарашада ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде көктайғақ болады. Тұман түседі, 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жетісу облысында таулы аудандарда түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оралда да тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігі, батысы және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Тұман түседі, 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ұлытау облысында түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі. Кей аудандарында көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр,қар жауады. Түнде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Абай облысында түнде жаңбыр, қар жауады. Оңтүстігінде қатты жауын-шашын түседі. Тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.









