Мәжілісмендер балалары мен науқас туыстары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
Фото: freepik.comҚазақстанда мәжіліс депутаттары баласы және науқас туыстары бар бола тұра жұмыс істеп жүрген әйелдер үшін жұмыс аптасын қысқарту туралы бастаманы талқылады. Депутат Ажар Сағандықова әйелдер күн сайын жұмысы мен үй міндеттеріне 13 сағат жұмсайтынын, бұл шаршау мен күйзеліске әкелетінін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжілісмендер баласы мен науқас туысы бар ата-аналардың жалақысын сақтай отырып, қысқартылған жұмыс уақытын қоюды, қолайлы кесте орнатуды, қашықтан жұмыс істеуді енгізуді ұсынды.
Депутат Қарақат Әбден бұл жеңілдік емес, баланың болашағы мен отбасының тұрақтылығына салынған инвестиция екенін айтып, кішкентай балалары бар ата-аналарды қолдаудың стратегиялық маңыздылығын айтты.
Сондай-ақ, мұндай ата-аналар үшін қысқартылған жұмыс аптасы бойынша пилоттық жоба жоспарланып жатыр.
Айта кетейік, БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды.











