Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгерді

Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгерді
 Pixabay.com
Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу процесі заманауи талаптарға сай жетілдіріліп, толықтай онлайн форматқа ауыстырылды.
Енді тұрғындар тіркеу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жаңартылған тәртіпке сәйкес, тіркелу үшін азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және eGov жүйесіндегі жеке кабинетіне бекітілген телефон нөмірі болуы қажет. Процестің түгелдей автоматтандырылуы қағазбастылықты азайтып, қызметті алу уақытын айтарлықтай қысқартады. Сонымен қатар тіркеуді Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында да онлайн түрде орындауға болады.
eGov Mobile арқылы тіркелу қалай жүргізіледі?
1. eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіңіз.
2. «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінен «Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін таңдаңыз.
3. Қажетті мәліметтерді енгізіп, тіркеу себебін көрсетіңіз.
4. Қолжетімді тәсілдердің бірі арқылы өтінімге қол қойыңыз.
5. Өтінімнің орындалу мәртебесін «Хабарламалар» → «Жеке кабинет тарихы» бөлімінен бақылауға болады.
Егер азамат өзіне тиесілі емес мекенжайға тіркелгісі келсе, жүйе автоматты түрде тұрғын үй иесіне 1414 нөмірінен SMS-код жібереді. Үй иесі осы хабарлама түскеннен кейін бір сағат ішінде тіркеуге келісімін растауы тиіс. Растау жасалмаса, өтініш қабылданбайды.
 
19 қараша 2025 ж. 79 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 143

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930