Кембридж сөздігі жыл сөзін анықтады
Фото: shutterstockКембридж сөздігі жыл сөзін атады — биылғы таңдауы «parasocial» болды. Бұл сөз танымал адамдармен біржақты байланыстардың жылдам өсуін сипаттайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Неліктен дәл «parasocial» жыл сөзі атанды
Кембридж сөздігі 2025 жылдың сөзін жариялады, және биыл ол — parasocial. Бұл термин ешқашан жүздесіп, сөйлеспеген адаммен байланыс сезімін білдіреді. Бұл туралы The Guardian жазады. Бұл түсініктің танымал болуы танымал жұлдыздарға деген «сау емес» біржақты қызығушылықтың артуымен байланысты. Мысалы, қолданушылардың жұлдыздардың реакциясын күтуі — Тейлор Свифтке құттықтау жазуларынан бастап инфлюенсерлердің назарын аударуға талпыну әрекеттеріне дейін. Парасоциалды қызығушылық адамның өзіне таныс емес, бірақ көпшілікке белгілі тұлғамен байланыс орнатқандай сезімін сипаттайды.
Термин қалай пайда болды және неліктен қайтадан трендте
Бұл ұғым алғаш рет 1956 жылы қолданылған: сол кезде Чикаго университетінің зерттеушілері телебағдарлама кейіпкерлерімен көрермендердің эмоциялық байланыс орнату құбылысын бақылаған. Олар достық не туыстық қатынасқа ұқсас, бірақ біржақты байланыстарды байқайды. Интернет, әлеуметтік желілер, ал қазір жасанды интеллект дамыған сайын мұндай асимметриялық байланыстар жаппай құбылысқа айналды. Кембридж сөздігінің редакторы Колин Макинтоштың айтуынша, «parasocial» сөзіне деген қызығушылық күрт артқан — сайттағы осы терминге жасалған сұраулар әлдеқайда көбейген. Сөздік бұл жылдың айқын мысалдарын да келтіреді: Свифт пен ХФЛ ойыншысы Трэвис Келсидің үйлену жайлы жаңалығы, Лили Алленнің West End Girl альбомы. Сондай-ақ ЖИ-чатботтардың қолданушылар үшін досқа, әңгімелесушіге, тіпті романтикалық серіктеске айнала бастауы да атап өтіледі.
Парасоциалды байланыстар неліктен қауіпті болуы мүмкін
Кембридж университетінің профессоры Симона Шналлдың айтуынша, дәстүрлі медиаға сенім азайған сайын адамдар инфлюенсерлерге көбірек жүгінуде. Бұл интернет-жұлдыздармен «сау емес, күйзеліске толы» байланыстар қалыптастыруға әкелуі мүмкін. Ол танымал адамдарға деген шамадан тыс байланыс олардың ән мәтіндерінен жасырын мағына іздеуге, белгісіз сигналдарды көруге тырысатын навязчивый әрекеттерге ұласатынын айтады.
- Парасоциалды үрдістер жаңа деңгейге өсті: көптеген адамдар ChatGPT секілді жасанды интеллект құралдарын қолдаушы дос, жақсы сөз айтатын жан немесе тіпті терапияның баламасы ретінде қабылдай бастады, — дейді Шналл.
Жыл сөзінен бөлек, сөздік жасанды интеллектке қатысты бірнеше жаңа терминді қосты әрі жаңартты. Олардың арасында — slop, яғни ЖИ жасайтын мәнсіз суреттер мен видеолар ағымы, және memeify — суреттерді әлеуметтік желілерде тез тарайтын мемдерге айналдыру процесі бар.












