Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Oxford qazaq dictionary сөздігі жарыққа шығады

Елімізде Oxford qazaq dictionary сөздігі жарыққа шығады

Елімізде Oxford qazaq dictionary сөздігі жарыққа шығады, деп жазады baq.kz.
60 мың сөз қамтыған, жалпы көлемі 1300 беттік қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша ОКСФОРД сөздігінің тұңғыш басылымын Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ұлттық аударма бюросы» дайындады.
Әлемге танымал Oxford University Press баспасы екітілді Oxford qazaq dictionary сөздігін басып шығаруға ресми рұқсатын берді. Сөздікті әзірлеуде дүние жүзіне танымал Oxford english dictionary сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынды.
Сөздік құрастыру жұмысы төрт жыл үздіксіз жүріп, оған қазақ және ағылшын тілінің лексикасына маманданған 50-ден аса тәжірибелі тілші атсалысты. Сөздікті жетілдіруге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары қатысып, сөздік институт ғылыми кеңесінің сараптамасынан өтті.
Сөздік құрастыру аясында қазақ және ағылшын тілі лексикасындағы өзгерістер, әсіресе қазіргі мәдениет, ақпараттық технологиялар, медицина, экономика, қаржы мен сауда салаларындағы жаңалықтар ескерілді. Сондай-ақ, сөздікте ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикасы мен дыбыстау, емле ережелері түсіндірілетін қысқаша нұсқаулықтар, қазақ тіліндегі іскерлік және электронды хат-хабар жазу үлгілері берілді.
Сонымен бірге, осы сөздік негізінде қазақ тілі Oxford Global Languages платформасына қосылады. Бұл бастаманың мақсаты – әлемнің ірі де, іргелі 100 тілінің лексикалық қорын өзара байланыстырып, ортақ ғаламдық тіл корпусын жасақтау.
Осы маңызды жобаға қолдау білдірген Президент Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сөздік кең көлемде басылып, еліміздің оқу орындары мен кітапханаларына таратылады.

18 қараша 2022 ж. 534 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930