Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда түнде және таңертең қалың тұман түседі.
Фото: ©istockphoto.comФото: ©istockphoto.com
Ел бойынша ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер Алматы қаласы мен 16 өңірде дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжамынша, 16 қарашада Қазақстанның көптеген аймақтарында тұман, ал солтүстікте және шығыста желдің күшеюі байқалады.
Алматыда түнде және таңертең қалың тұман түседі.
Ал Алматы облысы аумағында, соның ішінде Қонаев қаласында да түнгі және таңғы уақытта тұман болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында да көріну деңгейін нашарлататын қалың тұман болжанған.
Солтүстік Қазақстан облысында тұманмен қатар желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с-қа дейін жетеді.
Петропавлда жел екпіні 23 м/с болуы мүмкін.
Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Абай, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында да түнде және таңертең тұман түсіп, кей өңірлерде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман басады.
Атырауда кей уақытта тұман қою түсуі мүмкін.
Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жолда жылдамдықты арттырмауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға, бұрылыстарда аса сақ болуға кеңес береді.
Ал жаяу жүргіншілерге тұман кезінде жолды тек арнайы өткелдерден кесіп өту ұсынылады.

16 қараша 2025 ж. 257 0

Қазақстанда күн жылынады

18 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031